ПТР анықтамасы жоқ жолаушыларды тасымалдаған авиакомпаниялар жазалады. Бұл туралы Көліктегі мемлекеттік бас санитарлық дәрігер Сәдуақас Байғабылов айтты.
«2020 жылдың 27 қазанынан бастап Қазақстанға халықаралық рейстермен келетін барлық адамда COVID-19-ға арналған ПТР анықтамасы болуы керек. Алайда, авиакомпаниялар ПТР тестілеуден өтпеген 42 жолаушыны бүгін түнде ұшіп келген ұшақтарға отырғызған. Белгіленген шектеулерді сақтамаған әуе компаниялары әкімшілік жауапкершілікке тартылады», - деді ол Facebook-тегі парақшасында.
Айта кетейік, елге келген жолаушылардың 96 пайызында ПТР анықтамасы болған. Жолаушылардың басым көпшілігі Мысыр, Түркия және Оңтүстік Кореядан келген.
Фото: ТАСС