Жамбылдықтар 100-ден астам мұқтаж отбасыға тегін баспана салып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбылдықтар 100-ден астам мұқтаж отбасыға тегін баспана салып жатыр

26.10.2020

Жамбыл облысындың тұрғындары «Асар» дәстүрін жаңғырту арқылы мұқтаж жандарды баспанамен қамтып жатыр. Биыл өңірде жүзден астам отбасына ауыл тұрғындары асарлатып үй тұрғызуда. Қазір олардың алғашқыларының құрылысы аяқталып, иелеріне тапсырыла бастады. Үйі өртеніп немесе басқа себептермен үйсіз қалған отбасыларға 106 үй тапсырылуы тиіс. Бүгінгі күнге дейін жиырма үйдің құрылысы аяқтаған. Енді көмекке мұқтаж жүзден астам отбасы суық қысты жылы үйлерінде қарсы алатын болады.   

Марғұлан Аязбаев, Көктерек ауылының тұрғыны: 
  -Ауылдың тұрғыны ғой енді қалай көмектеспеймін. Арасында келіп жатырмыз.  
Бақыт Оразбаева, көпбалалы ана: 
-Ешқандай ақша төлеп жатқан жоқпын. Өздері көмекстесті. Ауыл жастары болып, өздері көмек береміз деп көмектесіп отыр. Жәрдемдескеніне көп-көп рахмет айтамын.   


Жамбыл баспана үй асар

Хабарламаларға жазылу