Алматыда коронавирус жұқтыру көрсеткіші артып келеді - Бекшин - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда коронавирус жұқтыру көрсеткіші артып келеді - Бекшин

26.10.2020

Алматыда коронавирус жұқтыру көрсеткіші артып келеді. Бұл туралы бас санитар дәрігер Жандарбек Бекшин айтты. Оның сөзінше ай басында күніне ауру жұқтырған бес адамға дейін тіркелсе, қазір олардың саны 15-20-ға өскен. Соңғы кезде мониторингтік топтардың жұмысы күшейіп, маска режимін бұзғандарға 5 миллион теңгеге жуық айыппұл салынды. Жалпы санитарлық талаптардың сақталуы қатаң қадағалануда. Ал, әуежайда қауіпті індет жұқтырған 33 адам анықталып, дер кезінде оқшауланған.

Қуан Нұрақын 

Алматы коронавирус бас санитар дәрігер Жандарбек Бекшин

Хабарламаларға жазылу