Әлемде коронавирус жұқтырғандар 168 миллионға жақындады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлемде коронавирус жұқтырғандар 168 миллионға жақындады

26.05.2021

Әлемде коронавирус жұқтырғандар 168 миллионға жақындап, осы инфекциядан жан тәсілім еткендер 3 миллион 485 мыңнан асып кетті. Мұны АҚШ-тағы Джонс Хопкинс университеті бүгін хабарлады. Оның өзге бір дерегінше, жер шарында вакциналғанғандар саны артып келеді. Бүгінге дейін планета бойынша 1 миллиард 707 миллионнан артық адамға екпе салыныпты. 

Ал Үндістанда «ковид» диагнозы қойылғандар 27 миллионнан асты. Елдің денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, жұқтыру фактілерінің тәуліктік көрсеткіші 200 мыңға дейін азайғанымен, осы індеттен Үндістанда күніне шамамен 4 мыңнан астам адам қайтыс болып жатыр.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу