Техник, экономистер мен мұғалімдер елден кетіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Техник, экономистер мен мұғалімдер елден кетіп жатыр

26.10.2020
Техник, экономистер мен мұғалімдер елден кетіп жатыр

Осы жылдың қаңтар-маусым айларында 15 жастан асқан 8,4 мың адам елден кетті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,8 есе аз. Оның 459-ы - зейнеткерлер, 7,9 мыңы - еңбекке жарамды адамдар. 

Ал шетелден келгендер саны (15 жастан асқандар) 5,8 мың адамды құрады. Өткен жылмен салыстырсақ, 19,9%-ға көп. Олардың 656-ы - зейнеткерлер, 5,2 мыңы - еңбекке қабілетті жастағы адамдар. 

Ел ішіндегі 15 жастан жоғары иммигранттар саны 252,6 мың адам (былтырғыдан 29%-ға төмен) болса, оның 104,8 мыңы аймақтар арасында (жылына минус 26,2%), 147,8 мыңы өңір ішінде (31%-ға төмен) тұрғылықты жерін ауыстырған. Алты айда 20,4 мың зейнеткер мен 232,2 мың еңбекке қабілетті адам ел ішіне қоныс аударған.

Шетелге кеткендердің басым бөлігі техникалық маман иелері - 1,8 мың адам. Өткен жылмен салыстырғанда 1,9 есе аз. Сондай-ақ 990 экономист (минус 45,1%), 539 педагог (минус 44,7%) шетел асып кеткен.

Ал Қазақстанға келген техникалық мамандар саны - 485 адам. Өткен жылғыдан 0,2%-ға төмен. Сондай-ақ елге келгендер арасында 228 адам экономикалық (минус 8,1%) және 220 адам педагогикалық дипломның (минус 6,4%) иегерлері. 

Ел арасында 19,3 мың техник, 16,8 мың мұғалім және экономикалық білімі бар 14,5 мың адам тұрғылықты жерін ауыстырған.

Биыл жұмысы тұрғылықты жерінен тыс орналасқан жұмысшылар саны 571,3 мың адамды құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 10,2%-ға аз. Олардың 70,2%, немесе 401,2 мың адам күн сайын үйіне оралса, 17,4% немесе 99,3 мың адам - ​​айына 1-2 рет; 8,5% немесе 48,4 мың адам - ​​аптасына бір рет; 3,9% немесе 22,4 мың адам - ​​айына бір реттен аз үйіне қатынайды екен.

Биылғы 1 тамызда 16,8 мың шетел азаматына Қазақстанда жұмыс істеуіне заңды рұқсат берілген (бір ай бұрынғыдан 3,8%-ға аз). 1 қазандағы дерек бойынша, еңбек мигранттарының ресми саны 16,1 мыңды құрады. 

Дереккөз: finprom.kz

статистика шетел асқандар техникалық маман экономист мұғалім

Хабарламаларға жазылу