Металл сынықтарын Ресейге экспорттауға қатысты дау жалғасуда

23.10.2020

Металл сынықтарын Ресейге экспорттауға қатысты дау әлі жалғасып жатыр. Қазақстан тарапы тыйымды алып тастауға асығып отырған жоқ. Еуразиялық экономикалық комиссия шешіміне қарсы Премьер-министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смаилов одаққа өтініш жіберді. Айта кетейік, негізі елімізде металл сынықтарын Ресейге тасымалдауға тыйым салынған. Бірақ бұған көрші ел келіспей, Еуразиялық комиссияға шағымданды. Кейін одақ Қазақстаннан шектеуді 1 ай ішінде алып тастауды талап еткен еді.   

Ақерке Бектас


Металл экспорт

Хабарламаларға жазылу