Ресейге металл сынықтары экспорттала береді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейге металл сынықтары экспорттала береді

15.10.2020

Еуразиялық экономикалық комиссия Қазақстанға шектеуді алып тастауды міндеттеді. Еске салайық, Ресей кәсіпорынға қажет қара және түсті металл қалдықтарына шектеу қойғанымыз үшін Еуразиялық экономикалық комиссияға шағымданған. Бірақ Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі бұл тауардың өзімізге қажет екенін айтқан. Дегенмен Еуразиялық одақ келісімнің 29-бабына сүйеніп, шектеуді алуды сұрады. 

Ақерке Бектас 

Еуразиялық экономикалық комиссия / Металл Ресей экспорт

Хабарламаларға жазылу