Қазақстанда 2 000-нан аса мейрамхананың 30% жабылған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда 2 000-нан аса мейрамхананың 30% жабылған

23.10.2020

Елде 2 мыңнан аса мейрамхананың 30% коронадағдарыстан шығынға батып, жабылып қалды. Ай кейбір кәсіпкерлер тойхананы басқа бизнеске бұруда. Мәселен маңғыстаулық кәсіпкер 300 орындық мейрамхана ғимаратын дүкенге жалға берді. Мұнайлы ауданында орналасқан тойхананың орнында енді тұрмыстық техника сататын сауда орны ашылмақ. Мейрамхана иесі бұл қадамға шарасыздықтан барғанын айтады. Ол карантин кезінде табыссыз қалып, банкке берешегін қайтара алмаған. Ал Атыраулық кәсіпкер қаңырап тұрған тойхананы тігін цехына айналдырды. 25 адамды жұмыспен қамтыды. Қазір шеберханаға айына 150-ге жуық тапсырыс түседі.    

  Айым Жақсылықова, тігінші:  
  -Осындай қиын кезде жұмыс тапқаныма өте қуаныштымын. Өйткені, карантин кезінде көп адам жұмыстан шығып қалып жатыр.    

Ақерке Бектас


мейрамхана

Хабарламаларға жазылу