Жол сапасы «Ауыл» партиясының назарында - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жол сапасы «Ауыл» партиясының назарында

23.10.2020

Жолдың сапалы салынуы қатаң бақылануы тиіс. Осыны басшылыққа алған «Ауыл» партиясы «Ел аманаты» жобасы аясында жол құрылысының сапасын бақылауда ұстап келеді. Ауыл азаматтары, Ұлттық жол активтері мекемесі қызметкерлері және партия мүшелерінен жасақталған топ Түркістан облысындағы Ақсу-Шаян-Мыңбұлақ бағытындағы жол құрылысын тексерді. Ұзындығы 22 шақырым жолды жөндеуге қазынадан 750 миллион теңге бөлінген. Қазір жолдың үштен біріне асфальт төселіп, жиектеріне су ағарлар мен аяқжолдар салынды. Тексеру тобы жылжымалы зертхананың көмегімен асфальт құрамының талапқа сәйкес екеніне көз жеткізді. 

Ғани Қалмахан

ауыл партиясы жол сапасы жол шымкент түркістан облысы

Хабарламаларға жазылу