«СҚ-Фармация» басшысы 1,3 млн теңге, орынбасары 900 мың теңге жалақы алады

23.10.2020
«СҚ-Фармация» басшысы 1,3 млн теңге, орынбасары 900 мың теңге жалақы алады

Ерхат Есқалиев бұл қызметке 12 шілде күні тағайындалған болатын. 

Компанияның басқарма төрағасы Ерхат Есқалиев отандық арналардың біріне сұхбат бере отырып, өзінің және орынбасарының, сондай-ақ, басқарушы менеджерлердің жалақысы қанша теңге екенін айтты. 

«Менің жалақым 1 ммлн 300 мың теңге, орынбасарымдікі 900 мың теңге, басқарушылар 450-650 мың теңге аралығында жалақы алады. Менің бір орынбасарым, үш басқарушым бар», - дейді «СҚ-Фармация» басқарма төрағасы Ерхат Есқалиев. 

Ерхат Есқалиев бұл қызметке елде коронавирус індеті өршіп тұрған кезде, 2020 жылдың 12 шілдесінде тағайындалған. Компанияны оның алдында басқарған Берік Шәріп төтенше жағдай кезінде халықты дәрі-дәрмекпен қамтудың орнына, дәрілерді сатып алу кезінде лауазымын асыра пайдаланып,  қоймаларды дәрі-дәрмекті тыққаны үшін қамауға алынған болатын. Оған қатысты іс тергеліп жатыр. 


Хабарламаларға жазылу