Сәуірде 2 млн тұрғынға вакцина салу жоспарланып отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сәуірде 2 млн тұрғынға вакцина салу жоспарланып отыр

06.04.2021

Сәуірде елге 2 млн екпе жеткізілуі керек. Сөйтіп 2,3 млн тұрғынға вакцина салу жоспарланып отыр. Ал бірінші жартыжылдықта халықты препараттың 6 млн дозасымен қамту мақсаты тұр. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді. 

Нысаналы Ығыл, тілші:
Ауқымды жұмысты атқаруда қала және облыс әкімдері қазірден қамданғаны дұрыс. Мұны Денсаулық саақтау министрі қадап айтты. Қоғамдық орындарда уақытша егу пунктері болуы тиіс. Вакцинаны арнайы топтың аралап салуы да көзделген. Сондықтан тоңазытқыш жабдығы мен термоконтейнермен жабдықталуы қажет. Британиялық штамм жұқтырып ауруханаға түсіп жатқандар күн санап артып барады. Ал, бразилиялық нұсқасы ондай болмаса да, тез тарайды. Бүгінге елде 257 мыңдай адам ковидке, 839 адам пневмонияға шалдыққан. Ауруханаларда дәрі-дәрмектің 1 айлық, ал, «СҚ-Фармация» қоймаларында 2 айлық қоры бар. Барлық өңірде 18 млрд теңге көлемінде препараттарға арналған тұрақтандыру қоры құрылған. Тамыздан бастап емдеу мекемелері мен дәріханалар жүктемесін азайту үшін дәрінің 5 түрі тегін берілмек.  
вакцина үкімет

Хабарламаларға жазылу