2021-2023 жылдарға арналған бюджет жобасында әлеуметтік шығындар ескерілмеген - ҚКХП - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

2021-2023 жылдарға арналған бюджет жобасында әлеуметтік шығындар ескерілмеген - ҚКХП

22.10.2020

2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын әзірлегенде әлеуметтік шығындар түгел ескерілмеген. 

«Құжатқа үңілсек, тек сыртқы жағдайдың тұрақталып, экспорттың өсуіне ғана басымдық беріп келеміз», - дейді Қазақстан коммунистік халық партиясының өкілдері. 

Осы мәселе талқыланған жиында мамандар бюджетті бекіткенде қордаланған әлеуметтік проблемаларды жүйелі түрде шешу жағы қарастырылса деген ұсыныс айтты. 

Назгүл Мағжан, ҚКХП Орталық комитеті хатшысының кеңесшісі:
Коммунистер 2021 жылға және үш жылдық кезеңге халықтың нақты кірісі сақталған, тіпті оларды азайтқан бюджеттің жетілмеген үлгісі жасалғанына назар аударып отыр. Шикізат бағасына тәуелділік шеңберінен шығу үшін бізге шикізаттық емес экономикалық өсу стратегиясы қажет. Мемлекеттік активтердің кірістілігін толығымен қайта қарап, кедейлікті төмендетудің, халықтың нақты қолда бар кірісін арттырудың сапалы бағдарламасын әзірлеу қажет.

Руслан Нұрланұлы

бюджет жобасы ҚКХП Коммунистер партиясы шығын

Хабарламаларға жазылу