COVID-19: Қарағанды облысында бір ауыл карантинге жабылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

COVID-19: Қарағанды облысында бір ауыл карантинге жабылды

21.10.2020

Қарағанды облысының Бұқар жырау ауданына қарасты Центральное ауылы карантинге жабылды. Елді мекенге 6 қазан күні ресейлік азамат қонаққа келген. Қолында ПТР тесті болмаған. Ал 18-күні дәрігерлер оның короновирустық инфекцияға шалдыққанын анықтаған. Науқаспен байланыста болған 12 адам ауырып қалған. Екеуі қазір ауруханада, қалғандары үйлерінде оқшауланды. Осыған байланысты Центральное ауылына карантин енгізілді. Арнайы блок-бекеттер қойылып, кіріп-шығуға тыйым салынды. Үйден тек жұмысқа, жақын дүкендерге немесе дәріханаларға баруға болады. Карантин соңғы науқас емделіп шыққанға дейін дейін жалғасады. 

Самат Мейірманов, ауыл әкімі:
Еріктілер үйден шыға алмайтын кісілерге көмек көрсетіп жатыр. Дәрі-дәрмекті үйдің есігінің алдына дейін әкеліп береді.

Руслан Нұрланұлы

коронавирус қарағанды карантин

Хабарламаларға жазылу