Алдағы үш күнде Қазақстанда қар жауады

21.10.2020
Алдағы үш күнде Қазақстанда қар жауады

Синоптиктер 22-24 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады.

«Қазақстан аумағына Скандинавия аймақтарынан циклон әсер етеді, ол өзімен бірге ылғалды және суық ауа массаларын әкеледі. Онымен бірге жауын-шашын келеді, жаңбыр соңы қарға ұласады», - деп хабарлады Қазгидромет.

Мамандардың болжамынша, кей жерлерде тұман, көктайғақ, қатты жел болады. Шығыста және тау бөктеріндегі облыстарда аптаның аяғында бұрқасын болуы ықтимал.

Түнде елдің солтүстігінде және орталығында ауа температурасы 5-13 градусқа дейін, оңтүстік аймақтарда кей жерлерде -3 градусқа дейін төмендейді.

ауа райы қар жаңбыр қатты жел бұрқасын

Хабарламаларға жазылу