Бішкек мэрі Азиз Суракматов отставкаға кетті. Бұл – оның екінші мәрте қызметтен кетуі. Суракматов қазанның 6-да өтініш жазып, лауазымнан бас тартқан. Алайда екі күн өткен соң қашықтан жұмыс істегенін айтып, міндетіне оралды. Бүгін оның орнына шаһардың экс-басшысы Нариман Тюлеев тағайындалды.
Ал ел премьер-министрі Садыр Жапаровқа қатысты қылмыстық іс қайта қаралды. Жоғарғы сот уақытша президент қызметін қоса атқарып жүрген Жапаровты ақтау туралы үкім шығарған. Сонымен қатар, депутат Талант Мамытов пен Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы Қамшыбек Ташиев те ақталды. Үшеуі де билікті күшпен тартып алмақ болды деп айыпталған.
Жансая Қапасқызы