Алматы ЖЭО-2 бес жылдан кейін газға қосылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы ЖЭО-2 бес жылдан кейін газға қосылады

20.10.2020
Алматы ЖЭО-2 бес жылдан кейін газға қосылады

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен кеңесте Алматы ЖЭО-2 жаңғырту жобасы бойынша шешім қабылданды, деп хабарлайды Үкіметтің ресми сайты.

Қоғамдық пікірді ескере отырып, жылу электр станциясын жаңғыртудың қарастырылған төрт нұсқасынан қолданыстағы энергетикалық қазандық агрегаттарын реконструкциялау жолымен ЖЭО-2-ні көмірден газға ауыстыру мақұлданды.

ЖЭО газдандырудың таңдалған нұсқасы қолда бар жеткізу және бұру инфрақұрылымын пайдалануға мүмкіндік береді. Бұл ретте қоршаған ортаға әсері барынша азайтылады – күкірт тотығының, күлдің шығарындылары болмайды, азот тотығының және көмірқышқыл газы шығарындыларының деңгейі төмен.

Жоба 2025 жылдың соңына қарай кезең-кезеңімен жүзеге асырылады.




алматы ЖЭО Премьер-Министр Асқар Мамин

Хабарламаларға жазылу