Алматыда екінші ЖЭО газға ауыстыру жұмыстарының бірінші кезеңі аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда екінші ЖЭО газға ауыстыру жұмыстарының бірінші кезеңі аяқталды

17.11.2023

«QazaqGaz» ұлттық компаниясына еншілес «Интергаз Орталық Азия» ұйымы Алматыдағы екінші жылу электр орталығын газға ауыстыру жұмыстарының бірінші кезеңін аяқтады. Екі автоматтандырылған көгілдір отын тарату стансасының құрылысы және «Алматы-Байсерке-Талғар» мен «Қазақстан-Қытай» магистральды құбырларынбіріктіретін ТІР-04 жалғастырғыш құбырлары да дайын. Сонымен бірге, Батыс жылу кешенінде жөндеу және қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.

«QazaqGaz» ұлттық компаниясы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жұмыстарды мерзімінен бұрын аяқтаған. Газ тарату стансасы жылу электр орталығын табиғи газбен қамтамасыз етуге арналған. Сондай-ақ, Алматы қаласының экологиясы, орта және шағын бизнес үшін өте маңызды жоба болмақ дейді жауапты мекеме басшысы.

Санжар Жаркешов, «QazaqGaz» ҰҚ» АҚ Басқарма төрағасы:

Автоматтық газ тарату станциясы. Алматы ЖЭО-2 арналған үлкен нысан. Мұның маңыздылығы ЖЭО-2 жылдан жылға көбейіп келе жатқан қуаты және жылдан жылға көбейіп келе жатқан газ тұтыну көлемін қамтамасыз етуге арналған үлкен нысан.

Автоматты газ тарату стансасықаланың индустриалды аумағын және Батыс жылу кешенін газбен қамтамасыз етуге арналған. Сонымен қатар, Ұлттық компания тағы бір ірі жобаны іске қосты. «Қазақстан-Қытай» және «Алматы-Байсерке-Талғар» магистральды газ құбырының арасы жалғанды. Құбырдың жалпы ұзындығы – 10 шақырым. Сағатына 1 млн текше метр көгілдір отын жіберуге қауқарлы.

Руслан Сүйіндіков, «Интергаз орталық Азия» компаниясы филиалының директоры:

«Қайрат» деп айтамыз «Қазақстан-Қытайдан» 46 километрінен жалғанады. Алматы-Байсерке-Талғардың мына басынан газдың қуатын береді. Екі жақтан газ бергендіктен болашақта Алматы қаласына және Алматы облысының дамуына және газды пайдалану көлемін көбейтуіне үлкен өзінің үлесін қосады. 

Өз кезегінде «QazaqGaz» компаниясы «Алматы-Байсерке-Талғар» магистралды газ құбыры екінші тармағының құрылысына кірісіп кетті. Бұл ЖЭО газдандырудың келесі сатысы болмақ дейді газ мамандары.

Қуан Нұрақын


Хабарламаларға жазылу