Алматыда күрделі эпидемиологиялық жағдайға байланысты митинг өткізуге рұқсат етілмеуі мүмкін. Бұл туралы қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин айтты.
«Біз адам көп жиналатын митингтерге тыйым салу мәселесін қарастырып жатырмыз. Жалпы, отбасы мүшелерінен басқа 10-нан астам адамның топтасуына рұқсат етілмейді», - деді Бекшин
Ол сондай-ақ қыркүйек айында ауру көрсеткіші бір деңгейде тұрғандықтан, қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, бейбіт шерулер өткізуге рұқсат етілгенін еске салды.
«Қазір жағдай басқаша, біз мұндай іс-шараларға тыйым салуды қарастырамыз», - деді Бекшин.