Ингушетия астанасы Магаста билікке қарсы митинг өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ингушетия астанасы Магаста билікке қарсы митинг өтті

27.03.2019

Оған жиналған жұрт республика басшысы Юнус-Бек Евкуровтың қызметтен кетуін талап еткен. Сондай-ақ, тұрғындар референдум туралы заңға өзгеріс енгізуге қарсылық білдіріп, Шешенстанмен жасалған шекара келісімінен бас тартуға шақырды. Үкімет бір күн ғана митинг өткізуге рұқсат берген. Дегенмен, халық Евкуров отставкаға кеткенше акцияны тоқтатпайтындарын білдірді.

Митинг өтіп жатқан алаңда интернет істен шыққан. Соған қарамастан, қала орталығына республиканың түкпір-түкпірінен 30 мыңға жуық адам жиналды. Ал, билік әзірге үнсіз.

Айта кетсек, 2018 жылы қыркүйекте Шешенстан мен Ингушетия басшылары шекара туралы келісімге қол қойып, Сунжен ауданының бір бөлігі Шешенстанға берілді. Сол шешімнен кейін игушетиялықтар екі апта бойы ереуілдеткен. 

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ 

Хабарламаларға жазылу