Әлемде коронавирус жұқтырғандар 40 миллионнан асты. АҚШ, Үндістан және Бразилия - пандемиядан ең қатты зардап шеккен елдер. Дегенмен дертке шалдыққандардың 47 пайыздан астамы немесе жартысына жуығы Солтүстік, Орталық және Оңтүстік Американың үлесінде.
«Рейтер» агенттігінің дерегінше, ковид пациенттері 30 миллионнан 40 миллионға жетуі үшін 32 күн кеткен. Осыған дейін мұндай науқастар 10 миллионға 44 күнде көбейіпті.
Қазір Еуропа қайтадан эпидемияның эпицентріне айналып келеді. Бұл континентте қауіпті инфекцияны күніне 150 мыңдай адам жұқтыратын болды. Пандемия, әсіресе, Италияда, Нидерландта, Германияда, Австрияда, Польшада, Украинада, Кипрде, Чех Республикасында күшейіп келеді. Франция коменттанттық сағат жарияласа, аймақтың өзге мемлекеттерінде мектептер жабылып, вируспен күреске студенттер тартылып жатыр.
Арыстан Рысбек