Өткен тәулікте елімізде 102 адамнан коронавирус анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өткен тәулікте елімізде 102 адамнан коронавирус анықталды

19.10.2020

Бұл күндері шетелдерден келген жүздеген тұрғындар ПТР тесті болмаса, арнайы оқшауланып жатыр. Бұндай жолаушылардың саны әсіресе елорда мен Алматы да көп. Сонымен қатар кеше ПТР тесті болмаған үш шетел азаматы өз елдеріне кері қайтарылды.

Ал өткен тәулікте елімізде 102 адамнан коронавирус анықталып, жалпы науқастар саны 109 508 болды. COVID-19 белгісі бар пневмониямен 51 адам ауырып, 1 науқас қайтыс болды. Осылайша, вирусты пневмониямен ауырғандардың саны 35 965-ке жетті.

Амангелді Сейітхан

коронавирус статистика жалпы ахуал ПТР

Хабарламаларға жазылу