2 трлн теңгені заңсыз иемденген компаниялар құрықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

2 трлн теңгені заңсыз иемденген компаниялар құрықталды

16.10.2020

Елде 2 трлн теңгені заңсыз иемденген компаниялар құрықталды. Қаржылық мониторинг комитетінің мәліметінше, жалған шот-фактура жасап, ақша жымқырған 60-тан аса қылмыстық топ анықталған. Олар 1200-ге жуық заңсыз бақылау компаниясын құрған. Бұдан бөлек, «Қазына» операциясы бюджет ақшасы мен квазимемлекеттік қаражатты жымқырмақ болған 200-ден аса қылмыстың жолы кесілген. Ал 25 млрд теңгеге бағаланған мұнай және мұнай өнімдерін заңсыз иемденбек болғандарға қатысты 5 өңірде тергеу жүріп жатыр. Экономикалық тергеу қызметі жалған ақша жасауға қатысты 185 қылмыстың жолын кесіп, 2 мыңнан астам банкнот тәркіледі. 

Ақерке Бектас

Хабарламаларға жазылу