Өткен тәулікте 118 адамнан коронавирус анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өткен тәулікте 118 адамнан коронавирус анықталды

16.10.2020

Елордада да карантин режимін бақылау жұмыстары күшейді. Қала полицейлері көше-көшені аралап, сауда орталықтарын жіті қадағалауға көшті. Санитарлық нормалардың орындалуын тексеру үшін 8 мобильді топ құрылған. 

Жалпы статистикаға сүйенсек, тек осы Нұр-Cұлтан қаласында коронавирус жұқтырғандардың 53 пайызы - әйелдер. 

Өткен тәулікте 118 адамнан коронавирус анықталып, науқастар саны 109 202-ге жетті. Ал COVID-19 белгілері бар пневмониямен 166 адам ауырып, 2 науқас қайтыс болды. Вирусты пневмониямен ауырғандардың саны 35 559-ға жетті.

Раушан Сайлауқызы

елорда карантин коронавирус статистика

Хабарламаларға жазылу