Алматыда банкке қарақшылық шабуыл жасалды. Оқиға кеше 18:00 шамасында Сейфуллин және Гоголь қиылысындағы Kaspi Bank бөлімшесінде болған.
Бейнежазбада 2 ер адам ғимарат ішіне басып кіріп, біреуі әйнекті сындырады. Банк таратқан мәліметі бойынша, қарақшылар 2 миллион теңгеге жуық ақшаны алып кеткен. Қазір құқық қорғау органдары қылмыскерлерді іздестіріп жатыр.
Дарын Сағитов