Ақтөбеде жанармай бекетіне қарақшылық шабуыл жасалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде жанармай бекетіне қарақшылық шабуыл жасалды

20.01.2022

Ақтөбеде жанар-жағармай құю бекетіне қарақшылық шабуыл жасалды. Сәңкібай батыр даңғылында орналасқан нысанға белгісіз екі адам баса көктеп кірген. Оқиға түнгі сағат 03.30 шамасында болды. Олардың әрекеті нысан ішіндегі бейнекамераға түсіп қалған. Екі жас жігіт дүкен ішіне кіріп, оның бірі оператордың басынан балғамен ұрған. Кейін кассирді пышақпен қорқытып, 100 000 теңгеден аса ақша, ұялы телефон мен бірнеше қорап темекіні алып, қашып кеткен.

Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында екі күдіктіні ұстады. Ұрланған заттар тәркіленді. Қазір тергеу жүріп жатыр. 


Хабарламаларға жазылу