Елімізде 1300-ден астам ауыл мемлекеттік қолдаудан мүлде тыс қалып, инфрақұрылымның игілігін көрмей отыр. Солардың бірі - Ақмоладағы Қараөзек ауылы. Мұнда ауызсу мәселесі күрделі. Орталық жүйе болмағандықтан, әркім ауласынан құдық қазып алған. Бірақ оның суы ащы әрі лай. Тағы бір мәселе – жайылым. Төңірек түгелдей жеке кәсіпкерлерге жалға берілгендіктен жайылым тарылған.
Осындай түйткілдер Батыс Қазақстан облысындағы ауылдарда да бар. Партия өкілдері өңірдегі шаруа қожалықтарын аралап, тыныс-тіршілігімен танысты. Мәселен, «Покатиловка» шаруашылығы 7 жылдан бері сүтті сиыр өсіріп келеді. Өйткені, малдың өнімін өткізу өзекті. Шалғай мекендердегі осы мәселелерді шешуді «Ауыл» партиясының өкілдері қолдарына алмақ.
Амангелді Сейітхан