Атырауда «Әлем балалар көзімен» көрмесі өтіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда «Әлем балалар көзімен» көрмесі өтіп жатыр

15.10.2020

Атырауда «Әлем балалар көзімен» деп аталатын тақырыпта сурет көрмесі ашылды. Онда есту, сөйлеу, көру қабілеті бұзылған, ерекше білім беруді қажет ететін бүлдіршіндердің 30-дан астам туындысы қойылды. Бастаманың жүзеге асуына «Аялаған алақан» қоғамдық қоры ұйытқы болды. Жоба жетекшілері көрмені келешекте халықаралық дәрежеде ұйымдастыруды көздеп отыр.

Жаннат Сабырғалиева, облыстық жастар ресурстық орталығының бөлім басшысы:
Бұл шараның басты мақсаты – ерекше балалардың талантын ашу, оларға қолдау көрсету, оларды қоғам өміріне тарту. Олар қиындықтарға денсаулықтарына қарамастан, әлемді өздерінің таза жүректерімен, көздерімен, ерекше ойларымен осы суреттер арқылы суреттеуде.

Жандос Темірғали

көрме Әлем балалар көзімен Атырау

Хабарламаларға жазылу