Коронавирустың кесірінен әлемдік экономика 28 трлн доллар шығынға батты. Халықаралық валюта қоры қаржы нарығына келген залалды осылай есептеп отыр. Жаһандық жалпы ішкі өнім биыл 4,5%-ке қысқарған. Сарапшылар қазіргі жағдайды кезіндегі дүниежүзілік экономикалық дағдарыспен салыстырды. Коронокризистен құтылу үшін Халықаралық валюта қоры ауқатты адамдар мен дағдарыстан аз зардап шеккендерге ауқымды салық енгізуді ұсынды. Қазір тек Қытайда ғана ЖІӨ 2% өскен.
Ақерке Бектас