Қарағандыда маска тақпаған 300 адамға 83 мың теңге айыппұл салынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағандыда маска тақпаған 300 адамға 83 мың теңге айыппұл салынды

14.10.2020

Қарағандыда соңғы 5 күнде бетпердесіз жүрген 300-ден астам адамға айыппұл салынды. Енді олардың әрқайсысы 83 мың теңгеден төлейді. Қоғамдық көлік жүргізушілері мен жолсеріктер де талапқа бағына бермейді. Оларға қатысты бір айда 28 заңсыздық анықталып, жалпы көлемі 800 мың теңгеге жуық айыппұл міндеттелген. Жұрт әлі де бейқам жүр. «Індеттің екінші толқынынан қауіп күшті, сондықтан карантин режимін қатаң сақтауымыз керек», - дейді тәртіп сақшылары. Жұрт көп шоғырланатын жерлерге рейд жүргізген полицейлер гигиеналық талаптарды сақтамағандарға ескерту жасап қана қоймай, оларға бетперде таратты. Ескертуді елемей, екінші рет қолға түскен азаматтар әкімшілік жауапқа тартылады. 

Әділ Елесбаев, жергілікті подиция қызметінің инспекторы:
Қала тұрғындары тарапынан гигиеналық шаралар, оның ішінде бетперде тақпау фактілері көптеп кездеседі. Әсіресе, қоғамдық көліктерде, сауда үйлерінде ондай жағдайлар болып тұрады. Түсіндіру жұмыстары жүргізіледі және аталған фактілер қайталанған жағдайда әкімшілік тәртіпке тарту жұмыстары жүргізіледі.

Руслан Нұрланұлы

коронавирус медициналық маска Қарағанды

Хабарламаларға жазылу