Маска иекті емес, ауыз-мұрынды жауып тұруы керек - дәрігерлер кеңесі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маска иекті емес, ауыз-мұрынды жауып тұруы керек - дәрігерлер кеңесі

14.10.2020

Алматылық дәрігерлер санитарлық талаптарды қатаң сақтауға шақырып отыр. Себебі күн суытқан сайын коронавирус маусымдық тұмаумен бірге өршіп, екінші толқын басталу қаупі жоғары. Сондықтан адам көп жиналатын жерлерге бармай, әлеуметтік ара қашықтықты сақтау маңызды.

Айгүл Тұрысбекова, №26 қалалық емхананың бас дәрігері:
Түшкіріну, жөтелу кезінде бетсүлгіні қолдану керек, егер болмаса, шынтақпен жабу керек. Денені шынықтырып, дұрыс тамақтану керек. 
Ләззат Мәнжуова, «Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы» АҚ төрайымының орынбасары:
Әр адам гигиеналық шараларды ұстанса, масканы иегіне емес, мұрынды, ауызды жауып тұратын күйде тағып, оны жиі ауыстырып тұрса, онда індет таралмайды деп үміттенеміз.

Нұрхан Нұрланұлы

дәрігер кеңесі коронавирус медициналық маска

Хабарламаларға жазылу