Елордадағы құрылыс заттарын сататын базарда карантин талаптары сақталмаған
Елордадағы құрылыс заттарын сататын базарда карантин талаптары сақталмаған. Сауда орны басшылығы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Арнайы жүргізілген рейд барысында кіреберісте дене қызуын өлшейтін құралдың орнатылмағаны және дезинфекциялық төсеніштің жоқ екендігі анықталды. Жабық сауда орындарында қауіпсіздік ережелері сақталмаған. Саудагерлер де жауапкершіліктен тыс қалмады, олқылықтың орнын толтыруға міндеттелді. Қызметкерлермен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Азамат Қуаныш, санитарлық-гигиеналық қадағалау бөлімінің бас маманы:Егер де тағы да дәл осылай карантин режимі бұзылса, әкімшілік құқықбұзушылық туралы ҚР Кодексінің 425 бабының 2-тармағы бойынша қайта әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
Мұндай тексерулер Нұр-Сұлтан қаласында күнделікті өтеді. Нәтижесінде осы уақытқа дейін 1200-ден астам әкімшілік іс қозғалып, 700-ге жуық материал бойынша жаза қолданылды. Жалпы құны 133 миллион теңге болатын айыппұл салынған.
Оңғар Алпысбайұлы
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бокстан ӘЧ: Қазақстан құрамы әлемде бірінші
15.09.2025, 17:50

«Қайрат» – «Реал Мадрид»: Билет 23 қыркүйекте сатылады
15.09.2025, 17:47
Алматы облысында «Ақ бидай» ауыл спорты ойындары басталды
15.09.2025, 17:44
Астанада «Әлемнің діни дәстүрлерінің баға жетпес қазыналары» атты көрме ашылды
15.09.2025, 17:36
Қырғызстанда мүфтилер алқасының кездесуі өтті
15.09.2025, 17:34
Астанада этножурналистика тақырыбында медиафорум өтіп жатыр
15.09.2025, 17:32
Петропавл жастары экология мәселесін талқылады
15.09.2025, 17:31
Атырауда штапель талшығын өндіретін зауыт іске қосылады
15.09.2025, 17:28