Әзірбайжан армян әскери күштерін Гянджа қаласын зымыранмен атқылады деп айыптады. Салдарынан 9 адам қаза тауып, оншақтысы жараланған. Баку аталған әрекеттерді бейбіт тұрғындарға жасалған қылмыс деп отыр. Алайда Армения бұл айыптауларды жоққа шығарды. Әзірбайжанның өзін Қарабақтағы елді мекендерді атқылауды әлі тоқтатпады деп кінәлады.
Сонымен қатар, Ереван екі ел арасындағы келісім талаптарын бұзбағанын мәлімдеді. Айта кетсек, Әзірбайжан мен Армения қазанның 9-да Мәскеуде кездесу өткізіп, гуманитарлық мақсатта атыс-шабысты тоқтатуға келіскен еді. Алайда сол жиыннан бір күн өткенде қос тарап шарттарды сақтамады деп бір-бірін тағы айыптап жатыр.
Жансая Қапасқызы