Маңғыстауда мешіт, фитнес және жаттығу залдары жабылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстауда мешіт, фитнес және жаттығу залдары жабылады

12.10.2020
Маңғыстауда мешіт, фитнес және жаттығу залдары жабылады

Ертең, 13-інші қазаннан бастап Маңғыстау облысында карантин күшейеді. 

Облыстың бас санитар дәрігері Ғазиз Надуевтың 11-інші қазандағы қаулысына сәйкес, тамақтану орындары, дәмханалар мен ірі супермаркеттердің жұмыс уақыты сағат 21:00-ге дейін қысқарады. Демалыс күндері қоғамдық көлік жүрмейді. 

сондай-ақ, діни нысандардың, фитнес орталықтары мен жаттығу залдарының жұмысы тоқтайды. Азық-түліктен басқа барлық базардың жұмыс уақыты сағат 16:00-ге дейін қысқарады.

Той мен ұжымдық шараларды тексеретін рейд көбейеді. 

маңғыстау карантин коронавирус

Хабарламаларға жазылу