Маңғыстауда карантиндік шектеулер ұзартылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстауда карантиндік шектеулер ұзартылды

15.04.2021

Маңғыстауда карантиндік шектеулер ұзартылды. Өйткені өңірде эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз. Осыған байланысты бас санитарлық дәрігердің жаңа қаулысы шықты. Оған сай көпшілік шаралар, отбасылық жиындар мен спорттық жарыстар өткізуге тыйым салынды.

Сондай-ақ, букмекерлік кеңсе, түнгі клуб, бильярд, караоке, банкет залдары мен ойын клубтарының жұмысына рұқсат жоқ. Балалар ойын алаңдары да қайта жабылады. Жаңа талапқа сәйкес, мемлекеттік қызметкерлердің 50 пайызы қашықтан жұмыс істеуге көшіріледі.  

Аягөз Оралбайқызы

карантин

Хабарламаларға жазылу