Алматыда тұрғындар обсерватория жанындағы құрылысқа наразы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда тұрғындар обсерватория жанындағы құрылысқа наразы

09.10.2020

Алматыда обсерваторияның дәл жанында алма ағаштары оталып, орнына құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Жергілікті тұрғындар жердің табиғи қыртысын бұзып, айналаға қауіп төндірген техникалардың жұмысына қарсы шықты. «Экотуризм» бағдарламасы аясында тауға тек демалатын орындықтар немесе жеңіл конструкциялы құрылысқа ғана рұқсат етілген.  

Қуан Нұрақын, тілші:

-15 жыл бұрын бұл жерде жабайы алма бақ болған деседі. 10 күн бұрын ауыр жүк көліктері келіп осындай шұңқыр қаза бастапты. Жергілікті тұрғындар тұмса табиғат орнына зәулім ғимаратар бой көтере ма деп алаңдаулы .

2006 жылы тұрғындардың наразы болғанына қарамастан әлдебіреулер бұл жерде құрылыс жұмыстарын бастаған. Кейіннен белгісіз себептерге байланысты тоқтап қалыпты. Енді қайта жалғастыруда. Бұл жерге шұңқыр қазуға болмайды дейді инженер-геолог мамандар.

Вадим Седов, инженер-геолог:  
-Бұл жерде көшкін жүру қаупі жоғары. Бұдан әрі құрылыс жұмыстарын жалғастыра беретін болса мына тұрған тау түгелдей ағып кетуі мүмкін.  

Құрылыс жұмыстарының дәл іргесінде астраномиялық зерттеу жүргізетін мекеме орналасқан. Егер қасына нысан салынатын болса жұмысымызға кедергі келтіреді дейді институт мамандары.

Любовь Усолцева, Острофизикалық институттың аға ғылыми қызметкері: 
-Біздің институт стратегиялық нысандардың қатарына жатады. Әріптестеріміз құрылыс басшысымен сөйлескен екен, «бәрін ақша шешеді» депті.  

Тұрғындардың сөзінше бұл жер Іле-Алатау ұлттық паркіне тиесілі екен. Ал, парк өкілдері болса құрылысы басталып, тас төселіп жатқан жер қала аумағына жатады дейді.

Мұрат Дагилов, Іле-Алатау ұлттық паркінің орманшысы: 
-Бұл территория Медеу ауданына, қалаға қарайды.  

Құрылыс жұмыстарының қаншалық заңды жүріп жатқанын білмекке әкімдік өкілдеріне сұрау салдық. Алайда мәселені бір-біріне сілтеп, ақыры жауап бермеді.

Қуан Нұрақын


Хабарламаларға жазылу