БҚО-да қылмыстық істі 5 млн теңге парамен жаппақ болған тергеушілер ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БҚО-да қылмыстық істі 5 млн теңге парамен жаппақ болған тергеушілер ұсталды

08.10.2020

БҚО-да экономикалық тергеу департаментінің қос қызметкері қамауға алынды. Олар істі болған кәсіпкерді қылмыстық жауапкершіліктен құтқарамыз деп уәде етіп, сол үшін 5 млн теңге сұраған. Тергеуші мен жедел уәкіл ақшаны алып жатқан жерінде қолға түсті. Олардың үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Нұрдәулет Сәмет, БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары:
Тергеуші мен жедел уәкіл Орал қаласының полиция басқармасының уақытша ұстау абақтысына қамалып, қазіргі таңда оларға қатысты қамауға алу шарасы қолданылды. Егерде парақорлық болса 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру қаралған. Қылмыстық іс бойынша қабылданған шешімге байланысты болады. 

Рауан Уәли

пара жемқорлық антикор БҚО

Хабарламаларға жазылу