Адамды арбап, ақша табатын алаяқтарға тұсау қою үшін микрокредит нарығы тазартылып жатыр. Биылдың өзінде 15 микроқаржылық ұйым жабылған. Мамандар лицензиялау арқылы қарыз алушының құқығын қорғап, несие берушінің жауапкершілігін арттырып, заңсыз әрекеттерге тосқауыл қоймақ. Айта кетейік, қаржы нарығын реттеу агенттігі бір айда банк пен микроқаржы ұйымдарына 19 млн теңгеден аса айыппұл салған.
Ақерке Бектас