Ұстаздар күніне ұмытылмас сый. Елорданың іргесіндегі Қоянды ауылында вагонды мекен еткен отбасыға 5 бөлмелі баспана берілді. Мая Сафонқызы мұғалім. Жолдасы құрылыстан құлап жұмысқа жарамай қалған. Ал екі ұлының буыны қатпаған. Әйтсе де, әйелмін деп әлсіздік танытпай, қызметінен тыс кезде қарақат теріп сатқан. 4 жыл темір дүңгіршекте тұрса да, ешкімнен қайыр тілемеген.
Мая Сафонқызы, мұғалім:Тұрған жеріміз кішкентай болғандықтан, қонақ шақыра алмадым. Енді қонақ үзілмейді деп ойлаймын.
Осылайша мүфтияттың «Ел үлесі – пәтерге» атты акциясы аясында 279-шы отбасы баспаналы болды. Қояндыдағы қонысты алып беру үшін кәсіпкер қаладағы үйіне айырбастаған.
Нысаналы Ығыл