Алтыншы қазаннан жетінші қазанға қараған түні қаланы жасақтар күзетіп, тонау фактілері туралы ақпарат алмасып отырған. Спутник Қырғызстан агенттігінің хабарлауынша, түнде адамдар «Нават» атты дәмхананы тонамақ болған.
«Жасақтар өзара ақпарат алмасатын мессенджерлерде бір топ адам дәмхана мен сауда орталығын тонауға әрекеттеніп жатыр деген ақпарат тарады. Жасақтар Vefa сауда орталығы мен «Нават» дәмханасын қорғап қалды. Бір топ адам Медеров пен Бәтік Батыр көшелеріне қарай бет алды», деп жазған агенттік.
Ал, 24.kg агенттігінің жазуынша, кеше көшеге шыққан адамдар «Қырғыз темір жолы» компаниясының ғимаратын басып алмақ болған. Брокерлік компанияның терезесін сындырып, алтын өндіретін кәсіпорындарға бұзып кірген.