Елде интернет пен ұялы байланыс қызметінің де құны қымбаттады. Тамызда интернет тарифі 2,6%-ке, ұялы байланыс қызметі 1,7%-ке өскен. Қазақстанда жалпы 24,2 млн ұялы байланыс абоненті бар. Бұл былтырға қарағанда 6,5%-ке аз. Абонеттердің тек 63,3% үшін интернет қолжетімді. Қолданушылардың азайғанына қарамастан, баға арзандап жатқан жоқ. Керісінше, телекоммуникацияда кіріс көбейіп, халыққа көрсетілген ұялы байланыс қызметі 108,1 млрд теңгеге жеткен.
Ақерке Бектас