Сотүстік Қазақстанда карантин енген ауыл тұрғындары құстарын өлтіруге қарсы. Олар құсты тәркілеп, өртеуі тиіс эпизоотияға қарсы күрес жасағының өкілдеріне қарсылық көрсеткендіктен, бұл шараға полицейлер де тартылды.
Жалпы, өңірде құс тұмауына байланысты 29 елді мекенде карантин енгізілген болатын. Бұл ауылдардың бәрінде құстар жойылады. Кеше облыстық әкімдікте арнайы комиссияның отырысы кезінде тәркіленген құстарға берілетін баға бекітілді.
Марат Ыбыраев, Аумақтық ветеринарлық қадағалау инспекциясының басшысы:
Тауықтың бағасы 944 теңге, жұмыртқалайтыны. Етті тауықтар 1346 теңге, қаздар 5321 теңге, үйректер 2744 теңге деп санап, комиссия бойынша бекітілді. Бұл комиссияның шешімі облыстық статитстика департаменті беріген мәлімет бойынша қабылдап отыр.
Сағындық Сәбитұлы