Қырғызстанда парламент сайлауы өтіп, президент Сооронбай Жээнбековтың «Бірлік» партиясы 24 жарымнан астам дауыс жинады. Екінші орында 24 процентке жуық дауыспен «Мекенім Қырғызстан» келеді. Бірақ олар коалициялық үкімет құра ала ма деген сауалға әзірге жауап жоқ. 120 орын үшін 16 партия бақ сынасып, солардың төртеуі ғана парламентке өткен. Өтпегендердің үшеуі сайлау қорытындысына күмән келтіріп, наразылық акциясына шығатындарын ескертіп отыр.
Арыстан Рысбек