Қырғызстанда парламент сайлауы 20 желтоқсанда өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қырғызстанда парламент сайлауы 20 желтоқсанда өтеді

21.10.2020

Қырғызстанда парламенттік сайлау қайтадан желтоқсанның 20-да өтетін болды. Мұндай шешімді елдің Орталық сайлау комиссиясы бірауыздан мақұлдаған. 

Айта кетсек, елде Жоғарғы кеңеске сайлау 4 қазанда өткен еді. Бірақ Бішкекте жаппай шерулер мен тәртіпсіздіктер басталғандықтан, оның нәтижесін жоюға тура келді. Республикада билік ауысып, президент Сооронбай Жээнбеков отставкаға кеткені белгілі.

Арыстан Рысбек

қырғызстан парламент сайлауы

Хабарламаларға жазылу