8 айда қазақстандықтар шетелге 460 млрд теңге аударған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

8 айда қазақстандықтар шетелге 460 млрд теңге аударған

05.10.2020
8 айда қазақстандықтар шетелге 460 млрд теңге аударған

Биыл қаңтар-тамыз аралығында Қазақстаннан шет елдерге 458,8 млрд теңге аударылған. Ranking.kz агенттігінің хабарлауынша, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 50,7 млрд теңгеге немесе 12,4%-ға артық. 

Ал, шет елдерден біздің нарыққа түскен қаражат көлемі 23,4% азайып, 178 млрд теңгені құраған.

Қаражаттың басым бөлігі көрші Ресей Федерациясына кеткен – 127,2 млрд теңге. . Екінші орында Қырғыз Республикасы, бұл елге Қазақстаннан сегіз айы ішінде 96,5 млрд теңге аударылған. Үшінші орында Өзбекстан елі, ол жаққа 95,2 млрд теңге кеткен.

Сонымкен қатар, Әзірбайжанға 9 млрд теңге, Арменияға 3,4 млрд теңге аударылған.


Ұлттық банк ақша аударымы Ресей Қырғызстан

Хабарламаларға жазылу