Петропавлда құс тұмауына қатысты жағдай тұрақтала бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Петропавлда құс тұмауына қатысты жағдай тұрақтала бастады

01.10.2020

Петропавлда қырылған жабайы құстардан сынамалық материал алынып, зерттеу жүргізілуде. Арнайы қызмет мамандары өлекселерді жинап өртеуге кіріскен. Аумақтық ветеринариялық қадағалау инспекциясы мамандарының айтуынша, құс тұмауы анықталған жағдайда облыс орталығында бірқатар шектеулер енгізілуі мүмкін. Дегенмен, өңірде құс тұмауына қатысты жағдай тұрақтала бастады. Кеше жекеменшікте өлген құстың саны 200-ден асса, бүгін 165-ке түсті. Осыған байланысты ветеринарлар ауру ошағы анықталған және өзен-көлдерге жақын орналасқан елді мекендердегі үй құстарын егіп жатыр. Бүгінгі дейін 300 мыңнан астам вакцина салынған. 

Берік Әлжанов, Облыстық ветеринария басқармасының басшысы:
-56 елді мекенде құс өлімі тіркелді. Оның ішінде 29 ауылда карантин жарияланды. 13 елді мекен бойынша құс диагнозы лабороториялық зерттеу нәтижесінде расталмаған. Қалған елді мекен бойынша лабороторияда тексеріз жүргізіліп жатыр.

Ал алғашқы күндермен салыстырғанда Қостанай аумағында құс тұмауының таралуы бәсеңдеді. Ресми мәлімет бойынша аймақта 400 мыңға жуық құс індеттен қырылған. Оның 3 жарым мыңға жуығы жеке үйлердікі. Өлген құстың басым бөлігі Арқалықтағы жұмыртқа өндіретін кәсіпорынға тиесілі. Күні бүгінге дейін 8 елді мекен карантинге жабылған. Шығынға ұшыраған жұртқа өтемақы алу да оңай болмайтын тәрізді. Ветеринарлар ол үшін құстың неден өлгені жайлы анықтамадан бастап, сегіз түрлі құжат дайындау керек деп отыр. 


Петропавл құс тұмауы

Хабарламаларға жазылу