Ауыл тұрғындары үшін 100 жылжымалы медициналық емхана дайындалып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауыл тұрғындары үшін 100 жылжымалы медициналық емхана дайындалып жатыр

01.10.2020
Ауыл тұрғындары үшін 100 жылжымалы медициналық емхана дайындалып жатыр

Коронавирустың екінші толқыны бола қалған жағдайда шалғай ауылдағы тұрғындарға көмек көрсету мақсатында тиісті шаралар атқарылып жатыр. Бұл турасында Орталық коммуникациялар қызметінде  Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Гиниятқызы айтты. 

«Ауылды жерлерде фельдшерлік-акушерлік пункт ашылуы қажет. Президент тапсырмасы бойынша 100 жылжымалы медициналық емхана сатылып алынуда. Ол жерде тек терапевт дәрігерлер ғана емес, өзге де маман иелерін қамту көзделген. Коронавирусқа қарсы тексеріс жасайтын мүмкіндік толық жасалады», - дейді Ажар Гиниятқызы.

Ажар Гиниятқызы еске салғандай, ауырған адамдарға 5 препарат тегін беріледі. Дәрі-дәрмекті учаскелік дәрігер тағайындай алады. «Сондықтан коронавирустың екінші толқыны бола қалған жағдайда ешқандай дәріні сатып алудың қажеті жоқ. Сондай-ақ, ЖРВИ және пневмониямен ауырғандарға тегін 5 дәрі беру жағы да қарастырылған. Олар қызуды түсіретін, қабынуға қарсы препараттар және антибиотиктер», -  деді вице-министр.




денсаулық вирус Ажар Гиниятқызы

Хабарламаларға жазылу