Енді шетелден келген қазақстандықтар карантинге жатқызылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Енді шетелден келген қазақстандықтар карантинге жатқызылады

01.10.2020

Шетелден келетін қазақстандықтар енді карантинге жатқызылады. Бірақ бәрі емес. Қолдарында ПТР тестілеудің анықтамасы жоқтар бірнеше күн бақылауда болады. Бұл туралы көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Сәдуақас Байғабылов мәлімдеді. 

Қауіптілігі жоғары 2-санаттағы елдерден келетіндерге қазір талап күшейді. Қазақстанның мемлекеттік шекарасынан өту кезінде шетел азаматтарында COVID-19-ға теріс нәтиже туралы анықтама болуы тиіс. Құжат 3 күнге ғана жарамды. Анықтамасы жоқтар ұшаққа отырғызылмайды. Ал қазақстандықтардың қолында ПТР нәтижесі болмаса да, елге қайтып келе алады. Тек ұшақтан түсісімен 2 күн карантинге жатқызылып, тест тапсырады. Ол үшін барлық өңірде арнайы стационарлар дайындалған. 

Асима Нұрбайқызы

ПТР тест коронавирус бас санитар дәрігер карантин

Хабарламаларға жазылу