Алматыда аурухана салып жатқан құрылысшылар 2 ай жалақы алмаған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда аурухана салып жатқан құрылысшылар 2 ай жалақы алмаған

30.09.2020

Алматыда №7-ші клиникалық аурухананың бір бөлігін салып жатқан 30-дан астам құрылысшы екі айдан бері жалақысын ала алмай отыр. Шілде айында басталған құрылысқа әкімдік алғашқы төлем ретінде 300 млн теңге аударған. Алайда бас мердігер жұмысқа жауапты қосалқы мердігер мекемеге 11 миллион теңгесін ғана берген. Ал жұмысшыларға тамыз айынан бері бір тиын төленбеген. Қалалық жайлы орта басқармасының мәліметінше, нысанға қыруар қаржы бөлінген. Сметалық жоба 3,7 млрд теңге деп бекітіліпті. Жоспарға сәйкес құрылыс 2021 жылы шілде айында аяқталуы тиіс. 

Асқар Қыдырбай, қалалық жайлы орта басқармасының бас маманы:
Құрылыс басқармасының тарапынан комиссия бекітіліп, себептері анықталу үстінде. Қыркүйек айында 136 млн форма жапты. Біздің тарапымыздан ақша төленді. Олар сметалық есептеулер жүргізіп жатыр.

Нұрхан Нұрланұлы

жалақы еңбек дауы Алматы

Хабарламаларға жазылу