Түркістанда «Ауыл» партиясының «Ел аманаты» республикалық штабы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістанда «Ауыл» партиясының «Ел аманаты» республикалық штабы ашылды

29.09.2020

Түркістан қаласында «Ауыл» партиясының «Ел аманаты» жалпыұлттық республикалық штабы ашылды. Аталған штаб халық арасында «есіктен есікке дейін» қағидатымен сауалнамаларды толтыру бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, еліміздің барлық өңірлеріндегі волонтерлік топтардың жұмысын үйлестіреді. 

Сондай-ақ, респонденттер толтырған сауалнамаларға мониторинг жасайды. «Ел аманаты» көшінің еріктілері интернетке қосылмаған шалғай ауылдарды да аралап, халықтың мұң-мұқтажын сауалнамаға қосады. 

Айта кетейік, «Ауыл» партиясы сауалнаманы 23 қыркүйектен бері WhatsApp және Telegram қосымшалары мен Facebook, Instagram әлеуметтік желілері арқылы жүргізген. Оған үш мыңнан аса адам жауап берген. Онда ауыл тұрғындары тарапынан жер, ауыз су мен әлеуметтік мәселелер көптеп көтерілген. 

Асылхан Батыршаев, «Ел аманаты» жалпыұлттық сауалнаманы жүргізу бойынша штабының жетекшісі:
Бұл штабқа республикадан, өңір-өңірден ақпараттар келіп түседі. Ақпараттарды қабылдап, қортындылап, осы жерден сараптамасын елордаға орталық аппаратқа жіберіп отырамыз. Тек қана электронды сауалнамадан бөлек, біз дәстүрлі сауалнама жүргізбекшіміз.

Айжан Ақбаева

Хабарламаларға жазылу