Елордада карантин талаптарын бұзған 24 көңіл көтеру орталығы анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада карантин талаптарын бұзған 24 көңіл көтеру орталығы анықталды

29.03.2021

Елордада карантин талаптарын бұзған 24 көңіл көтеру орталығы анықталды. «ZARA» түнгі клубы сағат 23:45-те де жұмыс істеп тұрған. Ішінде 100-ге жуық адам жүрген. Ал «Fest425» дәмханасында келушілер қор-қор тартып отыр. «INCOGNITO» караоке залы болса таңғы 5-те жұртты қабылдап жатқан. Тексерісте 80 адам анықталды. Мобильді топ демалыс күндері 150 кәсіпкерлік нысанын аралап шығып, ереже бұзғандарды әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Нысаналы Ығыл


Хабарламаларға жазылу